Криминалистика
Ұзақжылдар бойы жинақталған тәжірибелік материалдарға байланысты сотбаллистикасыныңтеориялык мәселелерін зерт- теу қажеттілігі туындады. Атап айтқанда: оқтың атылу заңды- лықтары, қылмыс жасау мақсатында қолданылған қару-жарақ- тар мен оны қолдану нәтижесінде пайда болған соттық дәлел- демелер. Осы зандылықтарды түбегейлі танып (зерттеп) білу, атыс қаруларын пайдалану арқылы заттай дәлелдемелерді іздеп табу, бекіту, алу және зерттеу мәселелерін барынша тиімді шешуге мүмкіндік береді. Сот баллистикасы өзінің жеке теориялық негіздерінің калып- тасуына байланысты криминалистикалык техниканың бір са- ласы ретінде карастырылады. Оның мазмұнына ату зандылык- тары мен қару-жарактың тигізетін әсерін зерттеу және осылар- дың негізінде атыс каруларының, ок-дәрі жабдыктарының ату кезінде пайда болған іздері мен құбылыстарын табу, бекіту, алу және зерттеу кезінде қолданылатын ғылыми-техникалык әдіс- тәсілдер мен күрал-жабдықтарды өндеп шығару жатады. Сот баллистикасынын ғылыми негізін диалектикалык мате- риализмнің жалны әдістемесі мен ғылыми-техникалық білім салаларының ғылыми ережелері құрайды. Атап айтқанда, оларға: атыс қарулары мен оныңоқ-дәрінің құрылысын, оқтың бөгетке тигізетін әсерін; кару оқпанындағы ату кезіндегі пайда болған күбылыстарды және октың оқпан- нан шыққаннан кейінгі козғалысын зертгейтін әскери-техни- калық ғылым салалары жатады. Б.И. Ермоленко өз тарапынан сот баллистикасына қатысты келесідей: «оқ және гильзамен байланыска түсетін қару-жарак бөлшектерінің өзіндік бедері, қару-жарақ бөлшектері бедер- лерінің тұрақтылығы (идентификациялық кезең); оқ-дәрі мен гильзада пайда болған іздердің механизмі; ок және гильзадағы іздерде қару-жарак бөліктері белгілерін бейнеленуіне әр түрлі факторлардың эсер етуі; сот баллистикасы объектілеріндегі іздерді бекіту жөнінде ғылыми мәлімеггер; сарапшы қорытын- дысын шығару кезінде объектілердің әр түрлі қасиеттері мен белгілерін бағалаудың тәртіптері туралы» ілімдерді көрсетті. Ғылыми зерттеудің әдістемесін дәстүрлі зерттеу әдістері күрайды: бақылау, өлшеу, эксперимент, салыстыру, бейнелеу және т.б. Сонымен катар, сот баллистикалық зертгеудің арнайы әдістемесі — оқтар мен гильзалардағы іздерді микро- және мак- 127
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==