Криминалистика
IV т а р а у КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ (СОТ) БАЛЛИСТИКА §1. Сот баллистикасынын түсінігі мен мақсаты Сот баллистикасы криминалистикалық техника бөліміне жатады. Баллистика (гр. сөз. «Ьаііе» — «лактырамын») - ок жэне бы- тыраның козғалысы мен жылдамдығын зерттейтін ғылым. Бал листика сыртқы және ішкі болып екіге бөлінеді. Ішкі баллисти ка қару оқпанындағы оқтың козғалысы. Сырткы баллистика кеңістіктегі оқтың козғалысы. Сот баллистикасынын теориялык және әдістемелік мәселе- лері В.Х. Черваков, С.Д. Кустанович, Ю.М. Кубицков, Б.Н. Ер моленко, АП. Вакуловский, В.С. Аханов, Ю.Г. Корухов, Б.И. Шев ченко, Л.Н. Мороз, Г.А. Мозговых, Ә. А. Исаев және т.б. ғалым- дардың еңбектерінде қарастырылған. Көптеген авторлар сот баллистикасын зерттеу объектісі ретінде қарастырған. В.Ф. Черваков сот баллистикасын қылмыстык-техниканын көлемді бөлімі ретіндс карастыра отырып, атыс қару-жарақта- рын, ок-дәріні, гильзаларды, оқты және ок-дәрі жабдыктарын материалдық кұрамы жағынан, сондай-ак, әр түрлі заттар мен киімдерден габылған порохтар мен өзге де іздерді, атыс қарула- рын криминалистика және сот-медицина тарапынан зерттеу қажеттілігін көрсетгі. А.П. Вакуловский сот баллистикасын криминалистикалық техниканың бір саласына жатқызып, қылмысты ашу мен тергеу мақсатында қолданыпатын атыс қаруларын, оқ-дәрі жабдықта- ры мен олардың іздерін табу, бекіту, алу және зерттеу әдіс-тәсіл- дерін оқытатын ілім дсп көрсеткен. Б.И. Шевченко сот баллистикасы анықтамасын сот баллис- тикалык зерттеу арқылы шешілетін мәселелермен толықтыра- ды. Ол, сот баллистикасын криминалистикалықтехниканыңбір саласы ретінде карастыра отырып, атыс каруларын, ату кезінде пайда болған құбылыстарды, қылмыскерлер колданған қару- жарақтар мен ок-дәрілердің кай топқа жататындығын анықтау және идентификациялау максатында ату іздерін зерттеу кажет- тілігін, сондай-ак атылған және оқ-дәрі жабдыктары аркылы зақым келтірудің техникалық жағдайын анықтау қажеттілігін көрсеткен. 126
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==