Криминалистика
қы жағындағы айналарының, антеннасы, қырындағы қосымша фарының, тұткаларының, бампері жене т.б.) детальдары бейне- ленеді. Бөлініп қалған детальдар арқылы көлік құралдарының моделін анықтауға болады. Көлік құралыныңтүрі анықталған- нан кейін одан бөлініп калған бөлшектер бойынша тендесті- рулер жүргізіледі. §6. Бүтін затты бөлшек бойынша идентификациялау Оқиға болған жерде қалған заттардың іздерінің әр түрлі бо- луына байланысты бүтінді оның бөлшегі бойынша зерттеу ме- ханоскопиялық идентификациялау аркылы анықталады. Бүтін объект ретінде жеке заттар қарастырылады. Мысалы: куртка матасының бөлігі одан ажыратыла отырып жыртылған. Заттарды ортақ пайдаланудан қалған іздері бар заттардың жиын- тығы да бүтінді бөлшек бойынша аныктаудың объектісіне жа- тады; сондай-ақ бір агрегаттың жартысы (бөлігі де) да объект болып табылуы (мысалы: құралдың деталі одан бөлініп оқиға болған жерде қалып қоюы) мүмкін. Бүл объектілерді қарау және сараптық зерттеулер арқылы келесідей жағдайларда: өзара байланысатын бөлшектің бір бүтінге жататындығы туралы мән-жайларды; олардың бөлшек- ке бөлінуінін себебін (тәсілін); заттардың топтық тиістілігін анықтауға болады. Мүндай зерттеу нәтижелері — қылмысты ашу мен тергеуге маңызды өзара байланысатын мән-жайларды анык- тауға мүмкіндік береді. Тергеуші оқиға болған жерден табылған және алынған зат- тардың бөлшектеріне аса көңіл беле отырып, олар (бөліктері, детальдары, сынықтары) қандай заттың бөлшектері болуы мүмкін екендігі жөнінде болжаулар жасаулары тиіс. Бүл мәселелерді шешу үшін тергеуші оқиғаның механизмін толық, әрі жан-жакты талдауы қажет. Соның нәтижесінде тергеуші әр түрлі заттардың өзіндік топтық касиеттерін аныктап алып, ары қарай іздестіру жұмыстарын жүргізу керек, Іздестіру процесінде бөлшектерді, сыныктарды, ұсақ үгінділерді табу мен алу үшін қажетті техникалық құрал-жабдықтар колдануы тиіс. Бұзу кұралдарынан бөлініп калған металл үгінділерін табу мен алу үшін магнит колданған жен. Ал арнайы прототипті шаңсор- ғышты пайдалана отырып, әр түрлі тор-фильтрлері аркылы көлік і 124
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==