Криминалистика
Зерттеуге жататын үлгілер: көлемді және беткі кабатты іздердің сипатына байланысты алынады. Көлемді іздер алу үшін көлік куралдарының дөнгелегінің жалпы және жеке белгілерін бейнелену мүмкіндігінше (мысалы: ылғал құмда) оның дөңге- легін құмда шапшандык жылдамдығын азайта отырып айнал- дырып жүргізеді. Сөйтіп дөңгелектің 2-3 бұрылым үзындықтағы іздері алынады. Бұдан кейін алынған іздер мұқият каралып окиға болған жерді карау кезінде алынған қалыптағы белгілерге үқсас белгілері бар екі учаскесі іріктеліп алынады. Экспери.менталь- ды іздердің осы учаскелерінің гипстік қалыптары жасалынады. Егер зерттелінетін іздер беткі кабатты болса, эксперимен- тальды үлгілер де беткі кабатты болуы тиіс. Ол үшін окиға бол тан жерде бекітілген белгілерге ұксас белгілері бар дөңгелек учаскесіне бояғыш заттарды жағып көшірмесін алады. Арнайы бояуды резеңкелі білік аркылы дөңгелек учаскесіне жағады. Қарау кезінде сәйкес учаскелері аныкталмаған жағдайлар- да барлык дөңгелектердің іздері алынады. Дөңгелектің екі-үш айналған кездегі іздерін алған жөн (дұрыс). Оқиға болған жерден табылған детальдар мен бөлшектер көлік кұралын іздестіру және оны идентификациялау, сондай- ак накты окиға болған (соғыскан, басып кеткен) учаскені анық- тау үшін пайдалы. Окиға болған жерде калған объектілер келесідей бейнеде сипатталып топтастырылуы мүмкін: • көлік күралы әйнегінің, фар әйнегінің сынықтарының және баска да әйнектерінін күрама бөліктері; • лак, бояу қабаттарының бөлшектері; • көлік кұралы бөлшектерінің бөлігі; • жеке тораптарының кұрама бөліктері немесе тіреуіш де- тальдары. Фар және баска да сынықтарды зерттеу аркылы көлік кұра- лының моделін, типін, маркісін аныктауға болады. Көлік құралдарынан бөлініп калган лак және бояу қабатта- рының белшектері оның түсін аныктауға және бұл мәліметтерді іздестіру жұмыстарына пайдалануға, сонымен катар, көлік құралы табылғаннан кейін трасологиялық және материалтану- шылық сараптама жүргізуге мүмкіндік береді. Көлік кұралы бөлшегінің сынықтары ретінде көбінде окиға болған жерден табылған автокөліктін сыртына орнатылған (сырт- 123
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==