Криминалистика

іздердін (табан шынжыры мен сорап іздерінің аракашықтық) ені өлшенеді және бекітіледі. Көлік құралының козғалатын бөлігінің іздері адам аяғының іздерін алу сияқты әдіспен бекітіледі. Іздер сызыкты панорама- лықтәсілді қолдана отырып фотосуретке түсіріледі. Протектор суреттерінің барынша анык көрінетін учаскелерін жеке-жеке фотосуретке түсіру қажет. Барлык фототүсірілімдер масштаб- ты сызғышты қолдану аркылы жүзеге асырылады. Протектор- дың жекеленген белгілерін анығырақ бейңелейтін учаскелер- ден гипсті калып жасалынады. Егер көлік құралының козғалатын бөлігінің іздері жәбір- ленушінің киімінен табылған жағдайда, онда ол бірнеше рет фотосуретке түсіріледі. Іздердің орналаскан жерін айқын корсе ­ ту үшін фотосуретке алдымен киімді толығымен түсіру керек. Содан соң киімді қыртыстануынан жазып, іздің жанына катар- ластырып масштабты сызғыш қойып іздің өзін фотоға түсіреді. Оқиға болған жерден алынған көлік кұралының козғалатын бөлшегі іздерінің қалыптары мен фототүсірілімдері сараптама- лык зерттеулерге жіберіледі. Трасология арқылы келесідей сұрақтар шешіледі: • із кандай модельді дөңгелектен калған? • оқиға болған жерде қалған көлік кұралы іздерінің типі (мар- касы, моделі) кандай? • көлік кұралынан қалған іздер кай бағытқа карай қозғал- ған? • бұл іздер ұсынылып отырған дөңгелектін ізі ме, жоқ па? • жәбірленушінің киімінде қалдырылған іздер кандай дөңге- лекпен (алдыңғы, арткы, оң жак, сол жак) калдырылған? Егер көлік сараптамасының мәселесі нақты бір (белгілі) көлік құралының козғалатын бөлшегінің іздері бойынша тендестіру жасалған жағдайларда, олардың дөңгелектеріне не- месе қалыптарына (іздердін үлгілеріне) салыстырмалы зерттеу- лер жүргізу үшін кажетті материалдарға ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Зерттеуге дөңгелекті барлық жабдыктарымен жинап толык үсынған жөн. Бірак кейбір дөңгелектің көлемінің үлкендігі мен салмағының ауырлығына байланысты, оны зерттеуге толык кұрамда жіберуге барлык уакытта мүмкіндіктер бола бермейді. Көлік кұралдарын жүргізген кезде олардың дөңгелектеріндегі идентификациялык жеке белгілер жойылып кетуі мүмкін. Сон- дыктан да сараптамаға көлік кұралдарының өзі емес, оның дөңгелектері немесе олардың үлгілері жіберіледі. 122

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==