Криминалистика
Көлік құралдарының іздері жол-көлік оқиғасын тергеу, сон- дай-ақ көлік құралдарын қылмыстың құралы ретінде қолдан- ған кездерінде де зерттелінеді. Көлік құралдары іздерін зерттеу арқылы көліктік трасоло- гиядағы идентификациялык және диагностикалык мәселелерді шешуге болады. Қозғалатын бөлшек іздері және шығып тұрған бөлшектері бойынша, одан бөлінген детальдары мен бөлшектері бойынша көлік құралдары идснтификациялануы немесе бір топқа жататындығы анықталуы мүмкін. Сонымен қатар, диаг ностикалык мәселелер де шешіледі. Мәселен, болған окиғаның механизмімен байланысты: қозғалу жүйесі мен бағыты, соғыс- қан (басып кеткен) жері, түйіскен жердін бұрышы мен сызығы және баска да жағдайлар аныкталады. Қозғалатын бөлшектердің іздеріне рельссіз көлік кұралда- рының (автокөлік, мотоцикл, трактор, арба мен шаналардың) іздері жатқызылады. Дөңгелек іздері айналу және сырғу аркы- лы түседі. Бірінші іздерге дөңгелектің айналуы мен дөңгелекгі тежеу арқылы және қүмға, сондай-ак басқа да батып қалу кезінде пайда болатын іздер, ал екінші жағдайда іздер тежеу процесінде дөңгелектердің толык тоқтап қалғаннан кейінгі олардың сыр- ғанап барып түсетін іздері жатады. Катынаскатүсетін объектілердің өзіңдік қасиетіне байланыс ты іздер - қозғалатын бөлшектердің іздері беткі қабатты жәнс көлемді іздер болып бөлінеді. Беткі қабатты іздер - кабатталу (автокөлік дөңгелегі судан, шалшыктан өтіп кұрғак асфальт беттерінде қалдырған) іздері және қатнарлану (балшықта кал ган) іздері болып бөлінеді. Кабатталу іздері позитивті (боялған сыртқа шығып тұрған бөлшектерінен калган) іздер және негативті (дөңгелек протекторларыныңарасында қалған батпак) іздері деп екі түрге бөлінеді. Дөңгелекпен қатынасқа түсу нәтижесінде өзгеріске ұшыраған (құм, лай, топырақты жерлер) іздер көлемді болып табылады. Қозғалатын бөлшектерден калган іздер арқылы көліктің қозғалыс бағытын, жағдайын (тежеу, тоқтату); көлік құралы- ның түрін, моделін аныктауға, ал кейбір жағдайларда оларды идентификациялауға болады. Арткы косарланған дөнгелектердің болуы, болмауы арқы- лы, сондай-ақ автокөлік базасының көлемімен, сорап іздердің ені арқылы жүк таситын және жеңіл көлік құралдарын ажыра- туға болады. 120
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==