Криминалистика

Хаттамаға бекітіліп және фототүсірілім біткеннен кейін пломба алынады. Пломбадағы іздерге зақым келтіріп алмас үшін сымын бөлшектеп, кесіп алады. Алынған пломбалар, үқсас ма- териалдардан жасалған (зерттеу жүргізу үшін алынған үлгілер) пломбалар, сымдар, пломбирлар және қолданылған баска да кұралдар сараптамаға жіберіледі. Трасологиянын шешіміне келесідей сұрақтар койылады: • пломбадағы іздер пломбирге бірінші рет эсер етуге қатыс- ты емес механикалык ықпалдардың нәтижесінде пайда болды ма, әлде бұл іздер пломбирге екінші рет эсер етуінің нәтиже- сінде пайда болды ма? • пломбадағы іздер оны ашу кезіндегі әрекеттердің нәти- жесінде калған жок па? • пломбаның ішіндегі сым закымдалған ба, әлде зақымдал- маған ба? • пломбаның бүтіндігін бұзбай сымды бөліп алуға бола ма? • пломба кұралдың қандай тобын колдану аркылы ашылған; пломба ұсынылып отырған кұралмен ашылды ма, (ашылған жок па)? • ұсынылып отырған екі (немесе бірнеше) пломбадағы таң- балар бір пломбир таңбасымен жасалған ба? • зерттелетін пломбаның беткі байланыс қабатындағы әріптік және сандык таңбалардың мазмұны кандай? • пломбаның беткі қабатындағы із ұсынылып отырған плом ­ ба формасынан калған жоқ па? Сараптама процесінде пломбаны ашу және ондағы іздерді зерттеудегі мән-жайларды аныктау үшін ол кесіліп алынады. Сарапшы кажетті оптикалық кұралдарды пайдалана отырып, оның ішкі каналының беткі қабатына жан-жақты зерттеу жұ- мыстарын жүргізеді. §5. Көлік күралдарынын іздері Көлік кұралдарының іздері көліктік трасологиямен зерт- теледі, оларға төмендегілер жатады: • козғалатын бөлшектердің іздері; • көлік күралдарының сыртқа шығып тұратын белшектерінің іздері; • көлік кұралдарынан бөлінген бөлшектер мен детальдар- дыңіздері. 119

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==