Криминалистика

Құлыптың механизміне ешқандай артык әрекеттер жасауға болмайды, себебі ол кейіннен сараптамалык зерттеу жүргізуге кедергі келтіретіндей құлыптың күй-жайының өзгеруіне және басқа да жаңа (бөгде) іздердің пайда болуына әкеп соқтырады. Трасологияда келесідей мәселелер шешіледі: • құлып қандай тәсілдерді қолданып ашылған (немесе бүзыл- ған), ұсынылып отырған құлып бір ғана тәсілді қолдану арқы- лы бұзылды ма? • кұлып қандай құрал тобымен бүзылған? • кұлыптағы (жабылатын қүрылғыдағы) іздер колдан жасал- ған кілт немесе жезбезекті кілтті пайдалану нәтижесінде кал ­ ган жок па? • кұлып бүзған кезде қандай күйде (ашык, жабык) болды? • үсынылып отырған кұлыпта жөндеу жұмыстары жасалған ба, жасалмаса оның жұмыс істемеу себебі неде, ол жауып кету- ге жарамды ма? • күлып пайдаланылған ба? • кұлыпты басқа бір құралдармен немесе заттармен (шеге, сым-темір және т.б.) ашуға бола ма? • келтірілген закымға карамастан кұлып жұмыс істей ме? Сақтандырылатын құрылғы пломбалары да трасологиялық объект болып табылады. Пломбаларды коймалардың, вагон, контейнерлердіңесіктеріне, қымбат ішіктерге, кілемдерге және т.б. іледі. Пломбалар қорғасыннан, каңылтырдан, пластмасса- дан, алюминийден және басқа да материалдан жасалады. Пломбаны қарау кезінде хаттамаға оның: формасы, өлшемі, кандай материалдан жасалғандығы; ондағы барлық белгілер мен таңбалары бекітіліп жазылады. Пломбаны ашу.мен оны кайта- дан екінші рет ашу кезінде түскен жаңа (қыспа) іздеріне ерек- ше көңіл бөлінеді, бұлар сымдар (бечевкалар) өтетін тесіктердің кеңеюі және өзге де батқан, жаншылған, сызылған және т.б. закымдар болуы мүмкін. Сонымен катар, қылмыскерлер плом ­ баны кайтадан орнына ілген кезде колданылған пломбаны кыса- тын заттардың іздері табылуы мүмкін. Кылмыскерлер төсем қолданғанда іздер көрінбеуі немесе нашар көрінуі мүмкін. Сым- дарды карау кезінде оның материалы, жуандығы, оралымының саны анықталады, оны қайтадан косқан, жабыстырылған, ай- налдырылған жерлеріне көңіл бөлінуі кажет. Сымда сырғанау іздері болуы мүмкін. Іздерді қарау және алу кезінде пломба іздері үзартқыш са- қиналары колданылып фотосуретке түсіріледі. 118

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==