Криминалистика
• ригелые сыртынан эсер ету жолымен ашу; бұл тәсілді қол- дану кезінде қатты тегіс затгар арқылы ригельдің шығып турған бөлігіне қысым жасалынады; • есіктің ішкі жағындағы құлыпында қалған кілтті бұрап жылжыту жолымен ашу; кілттің ушын сыртқы жақтан арнайы қысқышты қолдану аркылы тартып іліп алу жолымен ашыла- ды. Кұлыпты ашу мен кулыптың ішкі және сырткы бетгеріндегі іздердің қалдырылу тәсілдерін зерттеу арқылы қылмыскерлер жөнінде бірқатар қылмыскер кұлыптың кұрылысын жақсы білетіндігі, құлыпты ашуға байланысты тәжірибелік дағдылы- ғының бар екендігі, құлыпты ашуға қолданған (кілт, жезбезекті кілт, басқа да) заттар жөніндегі мән-жайларды анықтауға болады. Қүлыпты бұзу, оны бекітілген жерінен ажыратып алу неме- се құлыпты тұтастай сындыру жолымен жүзеге асырылады. Егер құлып орнатылған жерінен ажыратылып алынса, онда негізгі көңілді - бұзу құралының ізіне аудару қажет. Мұндай іздер ара- лап кесу, қысу, бұрғылау іздері болуы мүмкін. Аспалы құлып бүтіндігінің бұзылуы, оның қорабының бұзы- луы (қорабтың біріктіріп косатын — шегесін кесіп тастау, қакпақтарын ажырату); күлыптың имегін аралап кесу; шегеден имекті жүлып алу нәтижесінде болады. Барлық жағдайларда құлыптың бөлшегінде және кұлып орнатылған есікте - бөлшек- теу, кесу, қысу, жаншу іздері қалады. Бұзылған қүлыпты қарау негізінде оны ашу механизмі анық- талады. Соның негізінде іздер табылады және кейінгі табыла- тын бұзуға қолданылған басқа да құрал түрлерін анықтау үшін табылған іздер бекітіледі. Бүзуға колданылған құрал-саймандарды тауып алу және зерт теу үшін құлыпты қараумен қатар, ол орналасқан есіктің, ғима- раттың және жергілікті жер учаскелеріне толығымен қарау жұмыстары жүргізіледі. Содан соң қүлып пен табылған іздер детальды фотосуретке түсіріледі. Қарау хаттамасында кулыпты сипаттау кезінде - оның фор- масын, өлшемін, жасалған материалын (металдың түсін), маркіленген белгілерін (зауытгың белгісін), құлыптан қандай іздер табылғандығын, олардың формасын, өлшемін, орналас- қан жерлерін бейнелейтін мән-жайлар жазылуы тиіс. Күлыппен бірге оның бөлшектері, үгінділері және т.б. алы- нады. 117
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==