Криминалистика

ды идентификацияланатын объектінің шығу уақытымен сәйкес келетін топтан алу керек. § 4. Құлыптар мен бекітетін қүрылгыларды зерттеу Бұл тарау трасологиялық зерттеу бөліміндегі тараулардын ішінде жоғарыда қарастырылып өткен бұзу құралдарының іздерін зерттеу тарауына мазмұны жағынан жақын болып келеді. Беріліп отырған категорияға — құлыптар және бекітетін кұрыл- ғылар, сондай-ак, жаппай өндірістік бүйымдар, заттар жатады. Қүлыптар әр түрлі конструкциялардан түрады, соған байла- нысты олар төмендегідей негізде топтастырылады: • жабылатын объектіге орналасу тәсіліне байланысты - тұракты (ойып орнатылған) және алынатын (аспалы, ілінетін); • тағайындау мақсатына байланысты — жалпы типтегі кұлып- тар (есікке, жиһазға салынатын) және арнайы кұлыптар (сейф- ке, автокөлікке арналған); • бекітілетін күрылғының кұрастырылуы бойынша — серіппелі, сувалды, цилиндрлі, бұрандалы, шифрленген жүйе- мен жабылатын. Құлыптың негізгі деталі - ригель болып табылады, ол құлып- қа ысырма сиякты эсер етеді. Тұрақты құлыпта ригель жылжи- ды және жапқан кезде есіктің жармалары немесе есікпен оның қорабының түйісу арқылы жабылады. Ілмелі құлыптарды жапқан кезде ригель имектің (доғаның) бір немесе екі жағынан ілініп корабының ішіңде оны ұстап тұра- ды. Сараптамаға құлыппен қатар бөгетті, кедергіні бұзуға (не ­ месе ашуға) қолданылуы мүмкін деген затгар мен қүлыптардың кілттері жіберіледі. Құлыптың ашылуы ригельдің жылжуы арқылы жүзеге асы- рылады. Қылмыс жасау кезінде құлыпты екі жолмен ашады: қілтпен ашады немесе бұзады. Кейде құлыпты ашудыңекі тәсілі де қолданылуы мүмкін. Қүлыпты ашу үшін - кілттер, желбезектер, басқа да заттар іріктелініп алынады. Ашу кезінде төмендегідей үш негізгі тәсіл қолданылады: • құлыптыңсаңылауы арқылы қүлыптың механизміне тікелей эсер ету; мұндай әрекеттер іріктелініп алынған кілттер, желбе ­ зектер, басқа да заттармен жүзеге асырылуы мүмкін; і 116

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==