Криминалистика

Карау хаттамасында: бузу объектілерінде калдырылған іздердің орналасуы, олардың жалпы саны және өзара орналасу жағдайы, еденнің (жердің) беткі кабатынан биіктігі, іздердің түрі (сұғудың көлемді ізі, шабудың сызыкты ізі, т.б. ); олардың (жал ­ пы барлык іздердің және жеке учаскелерінің) формасы; өлшемі (ұзындығы, ені, терендігі, диаметрі); іздерде бұзу кұралынан қалуы мүмкін бөгде заттардың болу жағдайлары толык көрсе- тіліп жазылады. Іздер — хаттамаға бекітіліп және суретке түсірілгеннен кейін алынуы мүмкін. Толығымен алынуға қажетті іздер, егер ол құнды объектілердің бұзылуына, бүлінуіне әкеп соқпаса іздерді олар орналаскан затпен қоса алған жөн. Бұзу іздері бар кедергінің бір бөлігі (кесіп, бөлшектеп т.б.) алынса, оған (үсті, асты, ішкі және сыртқы жағы туралы) түсіндірме жазылады. Кедергініңбөлігімен бірге бұрынырақодан бөлінген бөлшектері де (тамызық, жаңқа, үгінді) алынады. Себебі оларда бұзу кұра- лының микробедерін бейнелейтін іздер қалуы мүмкін. Трасологиялык сараптамаға іздін өзін немесе оның көшір- месін (қалпын), фотосуреттерін, схемалықсуреттерін, іздіңхат- тамалық сипаттамасын және тексерілетін объектіні (болжам- дағы қылмыс құралын) жібереді. Мұнда ескеріп кететін жайт, бұзу куралдарының іздерін са- раптамалық зерттеу ерекшеліктеріне байланысты сарапшыға тексерілетін объектілер (үлгі ретінде алынған іздер емес) табиғи түрде жіберілуі тиіс. Сонымен қатар, идентификациялыккезең- де құралдың өзгеру мүмкіндігі, (күралды сақтау, оны үстау, пай- далану және т.б.) жағдайлары жөнінде сарапшыға хабарлануы қажет. Бұзу құрал-жабдықтарының іздерімен қатар өндірістік механизмдердің іздері де трасологияның объектісіне жатады. Бұлар әр түрлі заттар, атап айтқанда: көлік құралдарынын, фа- рының шыны бөлшектері, шегелер, түймелер, темекілер, жіптер, электр жүйелерінің сымдары және т.б. болуы мүмкін. Аталған өндірістік бұйымдар — адам өлтіру, қарақшылық, зорлау, жол-көлік оқиғасы т.б. кылмыстарын тергеу кезінде заттай дәлелдемелер ретінде колдануы мүмкін. Мысалы, зорлау болған жерден түйме табылған жағдайлар- да оның сезіктінің киіміндегі түймелермен сәйкес келетінін немесе келмейтінін анықтау кажет. Өлтірілген адамның колла ­ ры байланған электр сымы айыпкерді тінту кезінде табылған сымдармен салыстырылады және т.б. і 114

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==