Криминалистика
микробедерін бейнелейді. Шабу, кесу іздері бойынша - бұл іздерді қалдырған құралдарды тендестіруге болады. Арамен кесу іздері бойынша - араның түрін, ал кейбір жағ- дайларда оның бір бөлігіне сәйкес келетін гістерінің санын аныктауға болады. Бұрғылау іздері бойынша — пайдаланған бұрғыныңтүрі жәнедиаметрі анықталады. Термикалық эсер ету іздсрі - металдан жасалған кедергілерді (сейфтерді, есіктерді, терезе торларын) бұзу кезінде пайда бо лады. Газды - электрокескішті - бұзу құралы ретінде қолдан- ғанын кедергі учаскілерінде калған ерітінділерден, балқыған металдардын. тамшыларынан байқауға болады. Оқиға болған жердегі іздерді талдау (соның ішінде сарапта- малықзерттеулер) келесідей жағдайларды аныктауға мүмкіндік береді: бүзудың түрін (араның кесу, ойып кесу т.б.); қатысқан тұлғалардыңсанын; шамамен қылмыскерлердіңбойы мен оның физикалык күшін; күралды колдану тәжірибесінің болуын; кедергіні бұзуға канша уакыт кеткендігін, кылмыскердің денесінде және киімінде (шалбарының қайырылған балағында, аяқкиімінде, тырнағының астында, құлақтарында, шаштарын- да) қандай іздер қалуы мүмкін екендігі. Осы алынған мәліметтер кылмыскерді іздестіру және әшкерелеу үшін маңызды. Бұзу күралының іздерін зерттеу кезінде келесідей негізгі сүрақтар шешіледі: бұзу үшін пайдаланған зат қандай құралдар тобына (түріне, тегіне) жатады; бұзу жерінде қалған іздер бір күралмен қалдырылған ба, әлде бірнеше құралдармен қалды- рылған ба; әр түрлі кедергілердегі бұзу құралдарынан калған (әр түрлі жерлердегі, сонымен катар, әр түрлі қылмыстарды жа- сау кезінде калдырылған) іздер бір қүралмен калдырылған ба; із нақты бір күралмен қалдырылған ба? Бұзу іздерін фотосуретке түсіру масштабты фототүсірілім әдісі бойынша жүзеге асырылады. Алдымен барлық іздер мен олар орналасқан учаскелер, содан соң жеке іздер, яғни бұзу құралының белгілері барынша анық калған жерлер детальды әдіспен суретке түсіріледі. Үсақ іздер мен олардың бөлшектері фотоаппаратка үлкейткіш сақиналар кигізу арқылы фотосуретке түсіріледі. Жарыктандыруды әр түрлі бағытга түсіру арқылы әр ізден екі, үш фотосурет жасаған жөн. Фотосуретке түсірумен катар іздсрдің схемалық суретін жасаған дұрыс. Сызбаны кейіннен — құралдың және іздердің өлшемдерін, пішіндерін, т.б. белгілерін салыстыру, зерттелетін объектілерді іріктеп сараптамаға жіберу үшін қолдануға болады. 8-846 113
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==