Криминалистика

Бірінші, механикалық топқа: кесетін — пышак., қайшы, әйнек кескіш (әйнек кесетін құрал), тістеуіш және т.б.; жабатын және қашайтын — балта, кескіш (металлы кесетін қашау), қашау, лом; егеп кесетін — егеу, ара; бұрғылайтын - тескіш темір, бүрғы қүралдары мен механизмдерін жатқызамыз. Екінші, термикалық топка: катты металдарды кесуге және оларды сваркілеуге арналған газ және электрлі аппараттар жа- тады. Механикалықтопқа жататын қүралдар эсер ету сипаты мен түріне байланысты: қысым арқылы түскен іздер; сырғанау, жылжу (үйкелу) іздері; кесу іздері - деп бөлінеді. Кысым іздері - кедергінің (бөгеттің) бетінде бұзу кұралда- рының соккысы нәтижесінде басылып түсуі арқылы пайда бо- лады. Егер кедергі жеткілікті дәрежеде қатты болған жағдайда беткі қабатгы із қалады, ал жеткілікті дәрежеде қатты болмаса, онда ішіне қарай басылып батқан із қалады. Баткан іздің терендігі соққының (басудың) күшіне байланысты болады. Ал баткан іздің формасы бүзу күралының жанасу бөлігінің ксскін бейнесін (конфигурациясын) қайталайды және оның өлшемін көрсетеді. Оқиға болған жерді қарау кезінде тергеуші мұндай іздерді зерттеу арқылы бұзу қүралының формасы мен өлшемі жөнінде мағлұматтар алады. Соның негізінде ол бүзу құралда- рын іздестіру жұмыстарын жүргізу тапсырмаларын тұжырым- дайды. Сырғанау (үйкеліс) іздері - бүзу кұралдарының (лом, темір бөлігі) бөгеттің, кедергінің астыңғы бүрышынан беткі кабаты- на эсер етуі арқылы пайда болады. Бұл кезде кедергі материал- дарында шүңқырлы сызықтар (валиктер) пайда болуы және кедергі материалдары тығыздануы мүмкін. Қүралдар кедергіге Караганда қаттырақ болса, үйкелу іздері анык түседі. Оларға қарап қолданылған құралдың түрі мен бұзу механизмі жөнінде мәлімет алуға болады. Кесу іздері көбінесе ағаш және металдан жасалған кедер- гілерде кездеседі. Бүлар — балганың, пышақтың, кашаудың және басқа да күралдардың іздері. Кесудің бір түріне арамен аралау іздері жатады, ол өзінің механизмі бойынша бұрғылау және сүргілеу іздеріне үксас. Кесу іздерінде күралдың кесетін (ша- батын) кыры бейнеленіп түседі. Бұл іздер әдетте динамикалык (сызықты) болып табылады, әрбір қыр кедергіге сызық қалды- рады. Қыртыстар мен шұңқырлы сызықтардың (валиктердің, трассалардың) кезектесіп түскен жиынтығы беткі қабаттың » 112

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==