Криминалистика

ды. Осы аталған жалпы және жеке белгілер жиынтығы — ізді қалдырған тұлғалармен функционалды белгілерді тендестіруге мүмкіндік береді. Сонымен катар, ізде бейнеленген тіс аппарат- тарының белгілері іздестіру мақсатына колданылуы мүмкін. Мүндай белгілерге: коронканың, протездің, жеке тістердің кемістіктері — тістердің өзінің мөлшерінен тым кіші немесе өте үлкен (ірі ) болуы және т.б. жатады. Табылған тіс іздері масштаб™ детальды фототүсірілім тәртібі бойынша іздің әр түрлі белгілерін (тістің формасын, шайнау кабаттарынын бедерлерін) анык көрсету үшін әр түрлі жарық- тыкта фотосуретке түсіріледі. Суретке түсіріп біткеннен кейін: із қалдырылған объект жөніндегі мәліметтер: із қай жерде, нақ- ты қандай объектіден табылды, іздің түрі мен саны, баска да жалпы жәнс жеке белгілер жөніндегі мәліметтер хаттамаға баян- далып жазылады. Тірі адамның денесіндегі тіс іздсрі — масштаб™ детальды фототүсірілім әдісі бойынша фотосуретке түсіріліп, калыпқа (гипстік, полимерлі материалдарға) көшіріліп бекітіледі. Мәйіттің терісіндегі тістің іздері мен басқа да терідегі микро іздерді сақтап қалу үшін сот-медиииналықсарапшыға ізді бекіту мен алу жұмыстары тапсырылады. §3. Бұзу қүралдарының іздері Механоскопия — бузу құралдарының, өндірістік механизм- дердің, құлыптардағы, пломбылардағы іздерді зерттеуге арнал- ған трасологияның бір бөлімі. Бұзу кұрал-жабдықтарының ізі туралы сөз қозғалмас бұрын, алдымен олардың қандай бөгеттерді (кедергілерді) бұзу үшін колданылатыны туралы айтып өткеніміз жөн. Бұзу деп — кіруге тыйым салынған немесе жабық тұрған объектіге кіру максаты- мен белгілі бір объектілерді атап айтканда: қабырғаны, объекті- нің төбесін, есік-терезені, еденді (ғимараттарды, сейф, шкаф, бекітілген құрылыстарды) және сол сиякты басқа да бөгеттерді толығымен немесе жартылай қиратуды айтамыз. Бүзу қүралының іздері - есіктің беткі қабатынан және оның тұтқаларынан, құлыптан, терезе рамаларынан, объектінің төбесі мен едендерден, сейфтердің кабырғаларынан және т.б. жерлер- ден табылуы мүмкін. Қылмыскерлердің бұзу кезіндегі қолданылатын құралдар- ды келесідей үш түрге бөліп топтастыруға болады: і 110

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==