Криминалистика
лады. Содан соң тез арада ізге тіректі (каркас), соның ішінде шпагат бөліктерін ұштары сыртка шығып тұратындай орналас- тырамыз, қалған гипс ерітіндісі қоюлатыңқырап үстіне кұйы- лады. Қоршаған ортаның температурасына байланысты шама- мен 20-25 минуттан кейін іздің калпы сумей ақырындап жуы- лады. Шпагаттын ұштарына келесідей жазулары бар, яғни қайда, қашан, кіммен, қандай іс бойынша алынған күйма екені туралы бирка байланады. Іздің алынған калыпы трасологиялық сараптамаға жіберіледі. Сараптамаға жалаң аяк ізінің көшірмесі мен сезіктіден алдын ала алынған экспериментальды үлгілер жіберіледі. Окиға бол тан жерде аяккиім іздері табылса, онда сезікті адамның аяккиімі коса жіберіледі. Қылмыс жасалғаннан кейін біраз уақыт өтсе, тергеуші сарапшыға аяқкиімнің жөнделгені, қандай жөндеу жүмыстары жүргізілгендігі, аяқкиім киілгендігі туралы мәлімет- терді міндетті түрде хабарлау керек. Тістің іздері — көбінде азык-түліктер (ірімшік, шоколад, жеміс-жидектерде және т.б.) мен басқа да заттарда (бөтелке қақпақтарында, қорғасыннан жасалған пломбаларда, резеңке мен т.б.) тұлғалардың тістерінің іздері қалады. Тістің іздері адам- дардын (кылмыскерлер мен жәбірленушілердің) денелерінен табылуы мүмкін. Tie іздері бойынша олар кандай жағдайда қал- дырғанын (пайда болғанын) анықтауға және адамдарды иден- тификациалауға болады. Қалыптасу механизіміне байланысты іздер тістеу және тістеп жулып алу іздері болып бөлінеді. Тістеу кезінде — тістер толықтүйісіпжабылмайды,соныңнәтижесіндеобъектініңбеткі кабатында жоғарғы және төменгі тістің шайнау бейнесінің іздері мен жақ тістерінің беткі қабатының кейбір бөліктерінің іздері калады. Тістеп жулып алу кезінде — тістер толык жабылып бір — бірімен түйіседі және бүтін затгың тістеген бөлігі одан ажыра- тылады, нәтижесінде тістеп алынған объектіде тістің сырткы іздері пайда болады. Тістеп жұлып алу іздері идентификациа- лау үшін маңызды, олар іс бойынша акпаратты болып табылады. Тістеп жұлып алу іздері бойынша (көлемді) тіс аппаратта- рының жалпы және жеке белгілерін: тіс қатарларының форма- сы мен өлшемін, тістің оң және сол жақ тал (бұтақтарының) асимметриясын, тіс катарының кисықтығын, тіс арасындағы қашыктықты, қатардағы тістің санын, оның формасын, протез- дің (коронка, пломба т.б.) бар-жоғын және т.б. анықтауға бола- 109
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==