Криминалистика
Егер аяқкиім ізі табылса, ең алдымен іздің жалпы ұзындығынан 1-1,5 см-ді алып тастау керек. Осы өлшемдерді есепке ала оты- рып, жай табанды және ұзартылған табанды деп бөлеміз. Осы табандарға байланысты екі түрлі есеп келесі формула бойынша жүргізіледі: Р = (Д-д)х 100/1,55 (1,58), мұнда: Р - адам бойы, Д — іздін ұзындығы, д — табан үзындығы мен ұлтарақ ұзынды- ғының арасындағы айырмашылық. Аяккиім өлшемін анықтау кезінде жалаң аяк өлшемі мен табан ізініңөлшемі де колданылады. Аяқкиім өлшемін анықтау абсолюттік мөлшерде және штих- тарда жүргізіледі. Бірінші жағдайда өлшем ретінде табанның (ұлтарақтың) сантиметрде көрсетілген ұзындығы алынады. Шектес өлшемдер 0,5 см ажыратылады: 26,0-26,5; 27,0-27,5 және т.б. Егер аяқкиім өлшемін штих түрінде корсету кажет болса, онда келесідей есеп жүргізіледі. Штих 2/3 см-ге тең, сондықтан аяккиім нөмірін есептеу үшін келесідей формула колданыла ды: И=(Д-д)/Ш, мұнда: И - аяккиім нөмірі, Д - табан ізінің ұзындығы, д- табан ұзындығы мен ұлтарақ ұзындығыныңара- сындағы айырмашылық, Ш- штих. Мысалы, іздегі табан ұзын- дығы - 29 см болса, онда И= (29-1)хЗ/2 = 42 өлшем болады. Идентификациялык және диагностикалык мәселелерді шешу кезінде жекеленген іздермен катар, аяк ізі «жолдары» зерттелінеді. Аяк із «жолдары» деп оң және сол аяқтың кезек- пен калдырылған іздерінің жиынтығы айтылады. Аяк із «жол дары» арқылы ізді ер адам немесе әйел адамның калдырғаны анықталады. Ер адамның орташа қадам ұзындығы шамамен 75 — 78 см, ал әйел адамның кадам ұзындығы 10 см-ге кысқарак (шарт- ты түрде алынған ережеден тыс жағдайлар болуы мүмкін). Аяк із «жолдары» бойынша адамнын ақсандауын, балдак пен таяқтарды колдануын, караңғыда жүру фактісін және т.б. жағ- дайларын аныктауға болады. Окиға болған жерден табылған аяккиім іздерін масштаб™ суретке түсіру ережесін колданып фототүсірілім жүргізіледі. Содан кейін схема бойынша із өлшемдері алынады. 22-сурет. Жол іздері. АБ - қозғалыс бағыты; АВДЕМ - жүріс сызы- ғы; ВД - оң аяктын ка дам үзындығы; ДЕ - сол аяктын калам үзындығы. 107
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==