Криминалистика

суы, жеке саусақтарының жогары карай бүгілуі, эр түрлі зақым- дар мен өзгерістердің (деформациялардың) болуы, пішіні және орналасуы (тыртықшалар мен қажалу іздері); папиллярлы өрнектердің жеке белгілері жатады. Шұлық киілген аяк ізі табылған жағдайда оның жалпы белгі- леріне: аяқтың белгілерімен катар, шұлыктың өлшемі, жіп- терінің тоқылу түрі мен схемасы, өкше мен сүйір жеріндегі фаб- рикалыктігістері жатады. Тергеу тәжірибесінде аяккиім іздері көбірек кездеседі. Табанның аяқкиімдегідей жалпы белгілері хаттамада төмендегілер көрсетіліп бекітілуі тиіс: • табан ізініңқұрылысы (өкшесіз, тегіс, жайпактабан, бөлек өкшесі бар табан, өкшесі бөлек және ұлтанды табан); • табан және оның бөлшектерінің өлшемдері (табанның жал ­ пы ұзындығы, ұлтан ұзындығы, өкше ұзындығы, ұлтанның ең жалпак жерінің ені; аралык жерінің ені, өкшенің ені); • табан және оның бөлшектерінің пішіні (тұмсык бөлігінің, табанның сырткы және ішкі жиектерінін, ұлтанның артқы жиектерінің, өкшенің алдыңғы және арткы жиектерінің); • табан және оның бөліктерінің беткі кабатының жалпы си- паттамасы (жалпы, дөңес, тегіс, бедерлі оюлармен, ою түрі, пішіні, өлшемі); • табан және оның бөлшектерінің бекітілу тәсілдері (бұран- далы, ағашты-түйреуішті, шегелі, тігілген, желіммен жабысты- рылған); • түйреуіш, шеге, бұранда катарларының саны; • табанда тағаның сырғымау үшін кағылатын бүдірлердің, фабрика желімдері мен белгілердін болуы. Жеке табылған аяккиім іздері мен сол іздерді калдырған объектіні идентификаниялаумен катар, диагностикалыксипат- тағы өзге де мәселелер шешілуі мүмкін. Іздің пішіні мен өкше, тұмсык және аралык бөліктерінің көрінуі дәрежесімен адам- ның түрғанын немесе жүргенін аныктауға болады. Сонымен катар, жүру жылдамдығы - асықпай, шапшаң және жүгіруі анықталады. Аяк іздері бойынша адамнын шамамен бойын және аяқкиім өлшемін аныктауға болады. Антрополиметриялық зерттеулер нәтижесінде - табан өлшемі ерадам бойының 15,8 %-на, ал әйел адам бойының 15,5 %-на тең. Егер окиға болған жерден жалаң аяқ ізі табылса, оның үзын- дығын 100 санына көбейтіп, 15,8 немесе 15,5 санына бөлеміз. 106

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==