Криминалистика
Адам терісіндегі папиллярлы өрнек іздері 20 — 30 минут ша- масында көрініп айқындалады. Ал мәйіттіңтерісінде (денесінде) қалдырылған қол іздері, егер олар мәйіттік өзгерістерден кейін қалдырылған жағдайда ғана айқындалып шығады. Мүндай іздерді айқындап табу (шығару) ұнтактарды немесе цианакри- латтарды пайдалану көмегімен жүзеге асырылады. Қол іздерімен қатар (олардың фототүсірілімдерін немесе дактилопленкілік көшірілімдерін) сараптамаға салыстырмалы зерттеулер жүргізу үшін үлгілер де жіберіледі. Оларға дакти- лоскопиялық карталар және тергеушімен алынған қол таңба- ларын жатқызамыз. Саусақтың ізін алу үшін баспаханалык кара түсті бояу қол- данылады, ол әйнек бетіне резеңке білікпен тегіс етіліп жағы- лады. Содан соң тексеріліп отырған тұлғаның саусағын (тыр- нак бөлігінің астыңғы беті папиллярлы өрнегі бар учаскені) әйнек бетіне қойғызып бір шетінен екіншісіне карай дөңгелете жылжыта отырып онын саусағына әйнектегі бояу түсіріледі. Сөйтіп дактилоскопиялық тіркеу (карточкасының) кестесінің тиісті клеткаларына жаңағы әрекеттерді қайталау арқылы ақ қағаздың бетіне саусақтың танбасы түсіріледі. Егер алақанның беткі кабатының және барлық саусактың таңбалары түтастай қажет болған жағдайларда, онда олар ала- қанды білікпен бояу жолымен алынады. Бояу жағылған алақан тікелей ақ парақтың бетіне түсіріледі. Дактилоскопиялык көші- рілімдерді баспаханалык бояуларды қолданбай-ак алудың ба ска да тәсілдері бар, бірақ олар тәжірибе жүзінде әлі кеңінен тарала койған жоқ. Әр түрлі қылмыстарды тергеу барысында окиға болған жер- де аяқ вдері табылуы мүмкін. Аяқ іздерін карау мен сараптама- лык зерттеу, қылмыскерді іздестіру мен әшкерелеу кезінде бірқатар маңызды жағдайларды аныктауға мүмкіндік береді. Аяқ іздері бойынша ізді қалдырған адам туралы мәліметтерді алуға болады: бойы, жүріс-тұрысының жекелеген белгілері туралы, аяқ киім белгілері; іс-әрекет жағдайлары (қозғалыс бағыты мен шапшандығы). Аяк іздері - жалаң аяк іздері, аяқкиім іздері және шұлык (нәски) іздері деп бөлінеді. Жалаң аяк немесе шүлық іздері бо йынша адамды, ал аяккиім іздері бойынша аяқкиімді иденти- фикациялайды. Идентификациялау кезінде статикалық іздер қолданылады, кей кездерде, накты адамның аяккиімді кию 104
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==