Криминалистика
адамның денесінен (жәбірленушінің немесе сезіктінің), киімі- нен табу мүмкін емес. Бірак кейбір жағдайларда, егер киімнің беткі қабаты жоғары дәрежедегі тегістігімен сипатталатын ма- териалдан (теріден немесе синтетикалық материалдан) тігілсе, папиллярлы өрнектерді аныктауға болады. Кылмыскер кылмыс үстінде былғары қолғап (теріден, Мага дан жасалған) қолданған жағдайларда да табылған іздер иден- тификацияға пайдаланылады. Іздер кейбір жағдайларда адам- дардың топтык белгілерін (қолғапқа сініп калган терді зерттеу және т.б.) анықтау үшін де пайдалануы мүмкін. Былғары колғаптарда - оны кию процесінде пайда болған: бүктелу, бырысып қалу, қатпарлары, ақаулары және басқа да өрнек іздері бейнеленеді. Ал матадан жасалған қолғаптарда - матаның белгілері, ақаулары, матаныңтоқылған түрі, тігіс және т.б. іздер бейнеленеді. Мұнда идентификациялауға ерекше ма- ңызды учаске тігіс аумағы болып табылады. Іздерді табудың әдістері мен тәсілдері олардын бейнелену жағдайларына байланысты анықталады. Дегенмен де кандай жағдай болмасын алғашкыда әдістер мен тәсілдер сыртқы түрлері өзгеріске ұшырамаған іздерге колданылады, содан соң барып олардын өзгеріске ұшырауына көңіл бөлінеді. Заттарды карау үшін резеңкелі қолғап пайдаланылады. Егер де мұндай қолғап болмай калган жағдайларда идентификацияға жарамды іздерді бүлдіріп алмас үшін, мысалы: бөтелке болса оның түбі мен ауызғы бөлігінен ұстау арқылы іздерді карау кажет. Кол іздерін табу үшін ең алдымен заттарды жарық көзіне карай бүра немесе заттын әр түрлі бұрыштарынан жарыктан- дырулар жібере отырып карау жүргізіледі. Табылған іздер кон- дыр-ғы сақиналарды пайдалану арқылы бірден детальды фото- суретке түсіріледі. Іздерді жарық түсіру аркылы табу мүмкін емес болған жағ- дайларда физиқалык және химиялықәдістер колданылады. Әр түрлі ұнтақтар мен йод буын жіберу жолымен іздерді шығару — физикалыктәсілдерге жатады. Зерттелініп отырған беткі кабат кара түсті болса, оған акшыл түсті ұнтақтар (алюминий, қола, цинк кышқылы және баска да) пайдаланылады; ал беткі кабат ашық түсті болса, онда керісінше кара түсті үнтақтар (темір, графит, ыс ұнтактары, кола косындылары және т.б.) қолданы- л^ды. 102
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==