96 Сутегі α-көміртегінен бөлінгенде түзілетін негіз тұрақты болғандықтан қышқыл болады. Ал басқа sp3 көміртегі атомынан сутегі бөлінген кезде түзілетін негіз тұрақсыз болады. 13.1-кесте. Кейбір карбон қышқылдарының рКа мəндері Біз бұрын қосарланған қышқылы күшті болған сайын негіздің тұрақты болатындығын көргенбіз (2.6-бөлім). Не себепті α-көміртегінен протон бөлінгенде түзілетін негіз тұрақты болады? Протон этаннан бөлінгенде қалған электрондар тек көміртегі атомында болады. Көміртегі электр терісті болғандықтан, карбанион тұрақсыз болады. Нəтижесінде қосарланған қышқылдың рКа мəні өте жоғары болады. Бұған керісінше, протон карбонилді топтың жанындағы көміртегінен бөлінгенде келесідей екі фактор бірігіп түзілетін негіздің тұрақтылығын арттырады. Біріншіден, электрондар протондар бөлінгенде жеке делокализацияланған түрде болады жəне біз электрондардың делокализациялануы тұрақтылықты арттыратындығын білеміз (7.6-бөлім). Бұдан да маңыздысы оттегіндегі электрондардың делокализациялануы, осының нəтижесінде оның электр терістілігі көміртегінен жоғары болады. электрондар
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==