95 13.1 α-СУТЕГІ АТОМЫНЫҢ ҚЫШҚЫЛДЫЛЫҒЫ Сутегі жəне көміртегі атомдары электр терісті, бұл электрондар байланысқанда екі атом арасында тең бөлінеді дегенді білдіреді. Сонда сутегі көміртегімен байланысады, яғни қышқыл болмайды. Бұл, əсіресе sp3 көміртегімен байланысқан сутегі атомы үшін дұрыс, себебі, бұл көміртегінің электр терістілігі сутегіне жақын болады. (5.13-бөлім). Этанның рКа мəнінің жоғары болуы sp 3 көміртегімен байланысқан сутегінің қышқылдығының төмен екендігін көрсетеді. Сутегі атомы карбонилді топтағы көміртегінің жанындағы sp3 көміртегімен байланысқан, бірақ та ол екінші sp3 көміртегімен байланысқан сутегі атомына қарағанда біршама қышқылдық қасиетке ие. Мысалы, альдегид немесе кетонның αкөміртегінен диссоциацияланатын сутегінің рКа мəні 16-20, ал күрделі эфирдің αкөміртегінен диссоциацияланатын сутегінің рКа мəні 25 (13.1-кесте). α-Сутегі атомы басқа көміртегімен байланысқан сутегі атомдарымен салыстырғанда біршама қышқыл болғанымен судың сутегі атомының қышқылдығынан төмен екендігіне (рКа=15,7) назар аударыңыздар. Не себепті карбонил тобының жанындағы sp3 көміртегі атомымен байланысқан α-сутегі атомының қышқылдылығы басқа көміртегімен байланысқан сутегі атомдарының қышқылдылығынан жоғары болады?
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==