94 КАРБОНИЛДІ ҚОСЫЛЫСТАР ІІІ: α-КӨМІРТЕГІ БОЙЫНША РЕАКЦИЯЛАР Біз 11 жəне 12-тарауда карбонилді қосылыстардың реакцияларын қарастырғанда олардың реакциялық қабілеттілігі нуклеофилдік шабуылға бейім жартылай оң зарядталған көміртегіне байланысты екендігін көрдік. Альдегидтер, кетондар жəне күрделі эфирлердің реакцияға қабілетті екінші бір орындары бар. Карбонилді көміртегімен байланысқан сутегі атомы көміртегіне біршама қышқылдық қасиет беріп, күшті негіз əсерінен бөлінуіне мүмкіндік жасайды. Карбонилді топпен байланысқан көміртегі атомы α-көміртегі деп аталады. Ал осы көміртегімен байланысқан сутегі атомын α-сутегі деп атайды. ацетил КоА 13-ТАРАУ
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==