89 5. Альдегидтер немесе кетондардың спирттің артық мөлшерімен реакциясынан ацеталь немесе кетальдар түзіледі (12.9-бөлім). 6. α,β-қанықпаған карбонилді қосылыстардың нуклеофилмен реакциялары (12.10-бөлім): Нуклеофил күшті негіз болса (Н-, RMgBr) тікелей қосылу өнімдері түзіледі; нуклеофил əлсіз негіз болса (RSH, RNH2, Br -) қосарлана қосылу өнімі түзіледі. ЖАТТЫҒУЛАР 19. Келесі қосылыстардың құрылысын көрсетіңіздер: а. изобутиральдегид б. 4-бромгексаналь г. 3-метилциклогексанон ə. октанон-4 в. 4-бромгептанон-3 ғ. пентандион-2,4 20. Келесі реакциялар өнімдерін көрсетіңіздер: а. ə. б. в. 21. Келесі қосылыстарға мысал келтіріңіздер: а. жартылай ацеталь ə. имин б. кеталь в. енамин 22. Төмендегі қосылыстарды нуклеофилді шабуылға реакциялық қабілеттілігінің төмендеуі бойынша орналастырыңыздар: тікелей қосылу қосарлана қосылу артық мөлшерде
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==