Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

8 гректің «про» (бірінші) жəне «пион» (май) деген сөзінен шыққан. Май қышқылы қышқыл майларда кездеседі, латынша май деген сөз «butyrum». Капрон қышқылы ешкі сүтінде кездеседі. Егер сіз ешкі мен капрон қышқылының иісін салыстырсаңыз, олардың ұқсас екендігін байқайсыз. Латынша «Caper» – ешкі дегенді білдіреді Жүйелік номенклатурада орынбасарлардың орны нөмірленеді. Карбонилді көміртегі С-1 деп белгіленеді. Жалпыға ортақ номенклатура бойынша орынбасардың орны грек əріпімен белгіленеді. Ал карбонилді көміртегі белгіленбейді. Карбонил тобымен байланысқан бірінші көміртегі- бірінші, ал одан кейінгі екінші көміртегі- жəне т.б. белгіленеді. Жүйелік жəне жалпы номенклатуралардың айырмашылығын түсіну үшін келесі мысалдарды мұқият қараңыздар: жүйелік 2-метоксибутан 2-бромпентан 4-хлоргексан қышқылы қышқылы қышқылы жалпы -метоксимай -бромвалериан -хлоркапрон қышқылы қышқылы қышқылы Хлорангидридтердің номенклатурасы Хлорангидридтерде карбон қышқылдарындағы ОН тобының орнында СІ атомы болады. Олар қышқылдар атауындағы көмірсутегінің атауына «ил» жалғауы жалғанып, «қышқылы» сөзі «хлорид» сөзіне алмастырылады. жүйелік этаноилхлорид 3-метилпентаноилхлорид жалпы ацетилхлорид -метилвалерилхлорид жүйелік номенклатура жалпы номенклатура = альфа = бетта = гамма = дельта = эпсилон оқулық: Карбон қышқылдары жəне олардың туындыларының номенклатурасы

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==