86 гидраттар түзіледі. Гидраттардың көпшілігі тұрақсыз, сондықтан бөлінбейді. Альдегидтер спирттермен қышқыл катализаторы қатысында əрекеттесіп жартылай ацеталь мен толық ацеталь, ал кетондар жартылай кетальдар мен толық кетальдар түзіледі. Күшті негіз болатын нуклеофилдер α,β-қанықпаған карбонилді қосылыстармен реакцияға түсіп тура қосылу өнімдер, ал əлсіз негізді нуклеофилдермен қосарлана қосылу өнімдерін түзеді. РЕАКЦИЯ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ 1. Карбонилді қосылыстардың Гриньяр реактивімен реакциялары (12.5-бөлім). а. Формальдегидтің Гриньяр реактивімен реакциясы нəтижесінде біріншілік спирт түзіледі: ə. Альдегидтердің (формальдегидтен басқа) Гриньяр реактивімен реакциясынан екіншілік спирт түзіледі: б. Кетондардың Гриньяр реактивімен реакциясынан үшіншілік спирт түзіледі: в. Күрделі эфирлердің Гриньяр реактивімен реакциясынан бірдей екі орынбасары бар үшіншілік спирт түзіледі: г. Карбон қышқылдарының хлорангидридтерінің Гриньяр реактивімен реакциясынан бірдей екі орынбасары бар үшіншілік спирт түзіледі:
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==