84 ІСІККЕ ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАР Вернолепин жəне Геленалин сияқты екі қосылыс қосарлана қосылу реакциясының нəтижесінде ісікке қарсы эффективті препарат ретінде белгілі болды. Ісік жасушалары өсуді бақылау қабілетін жойған жасушалар. Сондықтан олар жылдам көбейеді. ДНҚ-полимераза ферменті жасуша жаңа ұяшыққа өзінің көшірмесін жасау үшін қажет. ДНҚ-полимеразасында белсенді SH тобы болады жəне осы препараттардың əр қайсысында екі қанықпаған карбонилді қосылыс бар (16.6-бөлім). ДНҚ-полимеразаның SH тобы вернолепин немесе геленалиннің α,β-қанықпаған карбонилді топтарының бірімен əрекеттескенде фенрмент белсенділігін жойып, жасуша өсуін тоқтатады, себебі ол ДНҚ-да көшірмесін жасай алмайды. Вернолепин Геленалин 18-ЖАТТЫҒУ Келесі реакциялардың негізгі өнімдерін көрсетіңіздер: а. ə. оқулық: жалпы атаулар: карбонилді қосылыстарға нуклеофилді қосылу. фермент
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==