Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

83 β көміртегіне нуклеофилді қосылу қосарлана қосылу немесе 1,4-қосылу деп аталады. Себебі қосылу реакциясы 1 жəне 4-орындарда жүреді (яғни қосарланған жүйе). 1,4-қосылу реакциясы жүргеннен кейін енолды таутомерлену өнімі кетон (немесе альдегид) түзіледі, өйткені кето таутомер енолды таутомерге қарағанда біршама тұрақты (5.11-бөлім). Егер нуклеофил əлсіз негіз болса, қосарлана қосылу өнімі түзіледі. Жалпы реакция қосылу көміртек-көміртегі қос байланысы бойынша қосылу нуклеофильдің қос байланыстағы β-көміртегіне жəне реакциялық қоспадан протонның α-көміртегіне қосылуымен жүреді. Егер нуклеофил күшті негіз болса, нəтижесінде қосылу өнімі түзіледі. Этил спирті реакцияның екінші сатысында алкоксид ионын протондау үшін қолданылады. Нуклеофил əлсіз негіз болса, қосарлана қосылу өнімі түзіледі.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==