Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

81 Қышқыл катализатор қатысында ацеталь немесе кетальдардың түзілу механизмі Ацетальдің (немесе кеталь) тетраэдрлі көміртегі екі оттегі атомымен байланысқандықтан оны тұрақсыз жəне жартылай ацетальдан (немесе жартылай кетальдан) су бөлінсе реакциялық қоспадан бөлуге болады деп жорамалдауға болады. Егер жартылай ацетальдан (немесе жартылай кеталь) су бөлінбесе біршама тұрақсыз О-алкилденген өнім түзіледі. Ацеталь (немесе кеталь ) қышқылдың сулы ерітіндісінде қайтадан альдегидке гидролизденеді. КӨМІРСУЛАР Сіздер 15-тарауда көмірсуларды қарастырғанда қанттардың жеке бөліктері бір-бірімен ацеталь-спирттік топты немесе кетальді байланыстар арқылы қосылатындығын көресіздер. Мысалы, D-глюкозаның спирттік тобы мен альдегидтік тобы арасындағы реакциядан D-глюкозаның жартылай ацетальді байланысы бар сақиналы молекуласы түзіледі. Сақиналы D-глюкоза молекуласы бір молекуланың ОН тобының жартылай ацетальды топпен реакциясынан ацетальды байланыс түзеді. кеталь артық мөлшерде

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==