Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

79 12.2-сурет Электростатикалық потенциал картасы протонданған альдегидтің карбонилді көміртегі протонданбаған альдегидтің карбонилді көміртегімен салыстырғанда нуклеофилді шабуылға бейім екендігін көрсетеді (қою көк түсті аймағы). БИОЛОГИЯЛЫҚ ҮЛГІЛЕРДІҢ САҚТАЛУЫ Формалин деген атпен белгілі формальдегидтің судағы 37%-тік ерітіндісі биологиялық үлгілерді сақтауда кеңінен қолданылған. Формальдегид көзбен теріні тітіркендіреді, бірақ формалин көпшілік зертханаларда басқа консерванттармен алмастырылған. Осындай консерванттардың бірі микробқа қарсы қоспалары бар фенолдың этанолдағы 2-5% ерітіндісі.  14-ЖАТТЫҒУ Үш хлор ацетальдегидті суда еріткенде, толық гидратқа ауысады. Хлоргидрат – өлімге дейін əкелетін тыныштандыратын əсері бар хлораль гидрат реакциясының өнімі. Қоспасы бар коктейльдер «Миккей Фин» сияқты атақты детективті романдардан белгілі. Неліктен үш хлорлы ацетальдегидтің сулы ерітіндісінің толық гидратталатындығын түсіндіріңіздер. үш хлорлы ацетальдегид хлораль гидрат  15-ЖАТТЫҒУ Келесі кетондардың қайсысы сулы ерітіндіде гидрат түзеді? 3-Dмолекула: Ацетон; ацетон гидраты

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==