7 11.1 КАРБОН ҚЫШҚЫЛДАРЫ МЕН КАРБОН ҚЫШҚЫЛДАРЫ ТУЫНДЫЛАРЫНЫҢ НОМЕНКЛАТУРАСЫ Біз карбон қышқылдарының атауларына көбірек көңіл бөлеміз, себебі олардың атаулары басқа карбонилді қосылыстар атауларының негізін құрайды. Карбон қышқылдарының атаулары Карбон қышқылдарының функционалдық топтары карбокcил топтары деп аталады. Жүйелік номенклатура (ЮПАК) бойынша карбон қышқылдарының атауында сəйкес алкандардың атауына «қышқыл» сөзі қосылып аталады. Мысалы, бір көміртегі атомы бар алкан метан болса, оған сəйкес қышқыл метан қышқылы деп аталады. Жүйелік жалпы метан қышқылы құмырсқа қышқылы Этан қышқылы сірке қышқылы пропан қышқылы пропион қышқылы бутан қышқылы май қышқылы пентан қышқылы гексан қышқылы валериан қышқылы капрон қышқылы Құрамында алты жəне одан көп көміртегі бар карбон қышқылдары жалпы (тривиалды) атаумен аталады. Мұндай атаулармен химиктер қосылыстың кейбір қызметін көрсету үшін оның шығу тегіне байланысты атаған. Мысалы құмырсқа қышқылы құмырсқада, арада жəне басқа да шағатын жəндіктерде болады. Осыған байланысты олардың атаулары құралған. Латынша «шағу», яғни құмырқса қышқылы «құмырсқаның шағуы» дегенді білдіреді. Пропион қышқылы жоғарғы қышқылдардың кейбір қасиеттерін көрсететін төменгі қышқыл (19.1-бөлім), оның атауы Карбоксил тобы көбінесе қысқартылған түрде беріледі
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==