Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

77  13-ЖАТТЫҒУ Келесі реакция өнімдерін көрсетіңіздер. (Əр реакцияда қышқылдың өте аз мөлшері қолданылады) а. циклопентанон + этиламин б. 3-пентанон + гексиламин ə. циклопентанон + диэтиламин в. 3-пентанон + циклогексиламин БИОЛОГИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДЕГІ ИМИНДЕР Барлық биологиялық реакциялар фермент катализаторлары қатысында жүреді. Кейбір ферменттер катализді жүзеге асыру үшін дəрумендер құрамына кіретін органикалық молекулалар коферменттерді қажет етеді (17.1 жəне 17.4-бөлімдер). Мысалы, В6 витаминінің коферментінен алынатын пиридоксальфосфат амин қышқылдарын ыдырататын фермент (17.9-бөлім). Пиридоксальфосфат ферментпен иминдік байланыс арқылы қосылған. пиридоксин пиридоксин фосфат В6 дəрумені ПФ Глюкоза екі сатыда аланин сияқты амин қышқылына дейін өзгеретін пируватқа дейін ыдырайды. Біріншіден, пируват NH3 əрекеттесіп имин түзеді де, соңынан фермент əсерінен амин қышқылдарына дейін ыдырайды. пируват аланин амин қышқылы фермент коферменттік байланыс ферменттің иминдік байланысынан түзіледі

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==