76 • Амин карбонилді көміртегін шабуылдайды. • Алкоксид ионының протондық күшеюі жəне аммоний ионының протонын жоғалтып аралық бейтарап тетраэдрлік өнімнің түзілуі. • Аралық бейтарап тетраэдрлік өнімнің екі протонданған формасы олардың азот атомы немесе оттегі атомы протондануынан тепе-теңдік күйде болады. • Протонданған оң зарядталған азоттың протонданған аралық формасы мен оттегі əрекеттесіп су бөлінеді. • Біріншілік амин альдегид жəне кетонмен əрекеттескенде реакция механизмінің соңғы сатысындағы оң зарядталған азоты бар қосылыстың азот атомымен байланысқан протон бөлініп бейтарап имин түзіледі. Ал егер екіншілік амин болса, онда азот атомымен байланысқан сутегі болмайды. Бұл жағдайда тұрақты аралық молекула оң зарядталған азот атомы бар α-көміртегі бар қосылыстан протонның бөлінуінен түзіледі. Нəтижесінде енамин алынады. Қышқылдың сулы ерітіндісіндегі енаминнің гидролизденуінен иминнің гидролизденуіне ұқсас қайтадан карбонилді қосылыс пен екіншілік амин түзіледі. Амин қышқылдың əсерінен қайтадан протонданады. Енаминнің түзілу механизмі Қышқылдың сулы ерітіндісіндегі енаминнің гидролизденуінен карбонилді қосылыс жəне екіншілік амин түзіледі.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==