Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

75 Иминдердің түзілуі мен гидролизі биологиялық жүйелердегі маңызды реакциялар. Мысалы, біз иминнің гидролизінен ДНҚ құрамындағы A, Г, Ц жəне Т нуклеотидтердің түзілетіндігін көреміз. Ал РНҚ құрамында A, Г, Ц, жəне У нуклеотидтер болады (20.9-бөлім). Екіншілік аминдерден енаминдердің түзілуі Альдегидтер мен кетондар екіншілік аминдермен əрекеттесіп енаминдер түзіледі. Иминдердің түзілу реакциясындағыдай катализатор ретінде қышқылдың өте аз мөлшері жұмсалады. циклопентанон диметиламин енамин екіншілік амин циклогексанон пирролидин енамин екіншілік амин Енаминдердің түзілу механизмі иминдердің түзілуіне ұқсас, тек соңғы сатысында айырмашылықтары бар. Иминдер қышқыл катализаторы қатысында гидролизге ұшырап, карбонилді қосылыстар мен біріншілік аминдер түзіледі. Альдегидтер мен кетондар екіншілік аминдермен əрекеттесіп енаминдер түзіледі.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==