Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

74 Иминдердің түзілу механизмі төменде көрсетілген. • Амин карбонилді көміртегін шабуылдайды. • Алкоксид ионының протондық күшеюі жəне аммоний ионының протонын жоғалтып аралық бейтарап тетраэдрлік өнімнің түзілуі. • Аминді спирт деп аталатын аралық бейтарап тетраэдрлік өнімнің екі протонданған формасы олардың азот атомы немесе оттегі атомы протондануынан тепе-теңдік күйде болады. • Протонданған аралық формалардан оттегімен əрекеттесіп судың бөлініп иминнің протондануы. • Протонданған имин протонын бөліп иминнің түзілуі. Гриньяр реактивімен немесе гидрид ионның альдегидтер мен кетондарға қосылуынан түзілетін тұрақты аралық тетраэдрмен салыстырғанда аминдердің қосылуынан түзілетін өнім тұрақсыз болады. Себебі, қайта түзілетін sp3 көміртегі оттегімен жəне басқа электр терісті атомдармен байланысқан (азот). тұрақты тетраэдрлі қосылыс тұрақсыз тетраэдрлі қосылыс Қышқылдың сулы ерітіндісінде иминдер гидролизге ұшырап қайтадан карбонилді қосылыс жəне амин түзіледі. Амин қышқылдың əсерінен протонданатындығына назар аударыңыздар. Иминнің түзілу механизмі оқулық: Иминдердің түзілуі

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==