72 12-ЖАТТЫҒУ Қандай амидтерді LiAlH4 тотықсыздандырса келесі аминдер түзіледі? а. бензилметиламин ə. этиламин б. диэтиламин в. триэтиламин 12.7. АЛЬДЕГИДТЕР МЕН КЕТОНДАРДЫҢ АМИНДЕРМЕН РЕАКЦИЯСЫ Альдегидтер мен кетондар біріншілік аминдермен əрекеттесіп иминдер түзіледі. Иминдер дегеніміз – құрамында көміртегі-азот қос байланысы бар қосылыстар. С=N тобының құрылысы С=О тобына ұқсас (12.1-суретті 22-беттегі 11.1суретпен салыстырыңыздар). Иминдегі азот атомы sp2 гибридтелген. Оның бір sp2 орбиталі иминнің көміртегімен σ байланыс, екіншісі орынбасармен σ байланыс түзсе, үшіншісінде бос электрон жұбы болады. Азоттың р-орбиталімен көміртегінің р-орбиталі π байланыс түзіп қаптасады. Альдегидтер мен кетондар екіншілік аминдермен əрекеттесіп енаминдер түзеді («эн-амин деп айтылады). Енаминдер азот атомына қатысты қос байланысы α,βжағдайда болатын үшіншілік аминдерге жатады. Альдегид пен кетонға ұқсас қос байланысы екіншілік амин жағында орналаспағандығына назар аударыңыздар. «Енамин» атауы «эн» жəне «амин» сөздерінің қосындысынан құралған. 12.1-сурет Иминдегі байланыс түрі альдегид немесе кетон біріншілік амин имин аз мөлшерде
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==