Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

69 12.6 КАРБОНИЛДІ ҚОСЫЛЫСТАРДЫҢ ГИДРИДИОНМЕН РЕАКЦИЯСЫ АЛЬДЕГИДТЕР МЕН КЕТОНДАРДЫҢ ГИДРИД-ИОНМЕН РЕАКЦИЯСЫ Гидрид ион альдегидтер жəне кетондармен əрекеттесіп нуклеофилді қосылу өнімін түзетін күшті негізді нуклеофил (11-1-кесте 21-бет). Реакция механизмі төменде көрсетілген. Альдегидтер мен кетондардың гидрид-ионмен реакциясының механизмі • Гидрид-ионның карбонилді көміртегіне нуклеофилді шабуылынан алкоксидті ион түзіледі. • Қышқылмен протонданғаннан кейін спирт түзіледі. Жалпы реакцияда Н2 карбонилді топқа қосылады. Органикалық қосылыстарға сутегінің қосылуы тотықсыздану реакциясы екендігін естеріңізге саламыз (5.12-бөлім). Альдегидтер мен кетондарды көбінесе гидрид-ионын беруші натрий боргидридімен (NaBH4) тотықсыздандырады. Нəтижесінде альдегидтер біріншілік спирттерге, кетондар екіншілік спирттерге дейін тотықсызданады. Қышқылдың реакциялық қоспаға гидрид-ион карбонилді қосылыспен əрекеттескеннен кейін қосылмайтындығына назар аударыңыздар. бутаналь біріншілік спирт альдегид пентанон-2 екіншілік спирт кетон  11-ЖАТТЫҒУ Келесі қосылыстардың натрий боргидридімен əрекеттестіріп, соңынан қышқыл қосса қандай спирттер түзіледі? а. 2-метилпропаналь ə. циклогексанон бутанол-1 пентанол-2 нуклеофилді қосылу өнімі

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==