6 Ацил тобымен байланысқан топ (немесе атом) карбонилді қосылыстың реакциялық қабілеттілігіне күшті əсер етеді. Шындығында, карбонилді қосылыстарды екі класқа бөлуге болады: карбонилді қосылыстардың І түріндегі қосылыстарда ацил топтары басқа топқа алмасатын топ пен (немесе атоммен) байланысқан. Карбон қышқылдары, ацилхлоридтер, күрделі эфирлер жəне амидтер осы класқа жатады. Бұл қосылыстардың құрамында нуклеофилмен алмасатын топтар (OH, CІ, OR, NH2, NHR , NR2) болады. карбон қышқылы ацилхлорид күрделі эфир амидтер Хлорангидридтер, күрделі эфирлер, амидтер жəне карбон қышқылдарының басқа да туындылары карбон қышқылдарынан оның құрамындағы ОН тобымен алмасқан топтың табиғатына байланысты ерекшеленеді. Карбонилді қосылыстардың ІІ түрінде ацил тобы басқа топқа жеңіл алмасатын топпен байланысқан. Альдегидтер мен кетондар осы класқа жатады. Альдегидтерде ацил тобы нуклеофилге жеңіл алмаспайтын Н атомымен, ал кетондарда ацил тобы R-мен байланысқан. Бұл бөлімде карбонилді қосылыстардың І түрінің реакциялары қарастырылады. Біз бұл қосылыстардың ацил тобымен байланысқан топтары нуклеофилмен алмасатындықтан нуклеофилді орынбасу реакциясына түсетіндігін көреміз. Карбонилді қосылыстардың ІІ түрінің реакциялары 12-бөлімде қарастырылады. Онда біз бұл қосылыстардың құрамындағы ацил тобы нуклеофилге алмаса алмайтын топпен байланысқандықтан, орынбасу реакцияларына түспейтіндігін көреміз. амид Оқулық: Функционалдық топтар Карбонилді қосылыстардың құрамында нуклеофилмен алмасатын топтар болады нуклеофилге алмаспайды
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==