68 ЖАТТЫҒУДЫ ОРЫНДАУ ЖОЛЫ Не себепті Гриньяр реактиві карбон қышқылының карбонилді көміртегіне қосылмайды? Біз Гриньяр реактивінің карбонилді көміртегіне қосылатындығын білеміз. Егер біз Гриньяр реактиві нақты қосылыстың карбонилді көміртегіне қосылмайды десек, Гриньяр реактиві молекуланың басқа бөлігімен əрекеттеседі деген қорытынды жасаймыз. Карбон қышқылында Гриньяр реактивімен жылдам əрекеттесіп алкан түзетін қышқыл протоны бар. Енді 10-жаттығуға ауысайық. 10-ЖАТТЫҒУ Келесі қосылыстардың қайсысы Гриньяр реактивімен нуклеофилді қосылу реакциясына түспейді? А Ə Б ЖАРТЫЛАЙ СИНТЕТИКАЛЫҚ ДƏРІЛЕР Таксол құрылысы күрделі болғандықтан оны синтездеу де күрделі. Химиктер ағылшын тиса бұтасынан препараттың алдыңғы бір бөлігін алып синтездеуді біршама жеңілдетті. Препараттың алдыңғы өнімі бұта тікенектерінен алынып зертхана жағдайында төрт сатыда таксолға айналады. Осылайша, алдыңғы өнім табиғи ресурстардан ғана алынып өсіп келе жатқан ағашты жойылудан сақтайды. Бұл химиктердің қосылыстарды табиғаттан синтездеуінің бір мысалы болады. 3-D молекула: метилпропанат
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==