67 Бұл қосылыс синтезделгеннен кейін химиктер оның əсерін білу үшін қасиеттерін зерттей бастады. Содан кейін одан да зиянсыз жəне күшті аналогтарын синтездеуді жоспарлай бастады. Мысалы, химиктер таксолдың ісікке қарсы əсері құрамындағы төрт күрделі эфирлі топтарын гидролиздесе төмендейтіндігін анықтаған. Бұл молекула құрамындағы функционалдық топтың рөлін түсіндіреді. 8-ЖАТТЫҒУ ШЕШІМІ а. Келесі үшіншілік спирттердің қайсысы күрделі эфирдің Гриньяр реактивінің артық мөлшерімен əрекеттесуінен түзілмейді? ə. Күрделі эфирдің Гриньяр реактивінің артық мөлшерімен əрекеттесуінен түзілетін спирттерді алу үшін қандай эфир мен Гриньяр реактиві қолданылады? 8а-ЖАТТЫҒУ ШЕШІМІ Үшіншілік спирт күрделі эфирдің Гриньяр реактивінің екі эквивалентімен əрекеттесуінен түзіледі. Осындай жолмен алынған үшіншілік спирттің ОН тобы қосылған көміртегінің екі бірдей орынбасары болу керек. Себебі екі орынбасар Гриньяр реактивінен ауысады. Спирттер (3) жəне (5) мұндай жолмен алынбайды, себебі олардың бірдей екі орынбасарлары жоқ. 8ə-ЖАТТЫҒУ ШЕШІМІ Пропан қышқылының метил эфирі мен метилмагний бромидінің артық мөлшері. 9-ЖАТТЫҒУ ШЕШІМІ Келесі екіншілік спирттердің қайсысы метил формиатпен Гриньяр реактивінің артық мөлшерінен түзіледі ? таксол
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==