65 бутаналь 1-фенилбутанол-1 Гриньяр реактивінің карбонилді қосылыстармен реакциясы нəтижесінде құрылысы əртүрлі қосылыстар түзіледі. 6-ЖАТТЫҒУ Келесі қосылыстарды CH3MgBr-мен əрекеттестіріп, соңынан сұйытылған қышқылды қосса қандай өнімдер түзіледі ? а. ə. б. 7-ЖАТТЫҒУ Біз 3-метилгексанол-3 пентанон-2-нің этилмагний бромидімен реакциясынан синтезделетінін көрдік. Ал үшіншілік спиртті синтездеу үшін қандай кетонмен Гриньяр реактиві қолданылады? Эфирлер мен хлорангидридтердің Гриньяр реактивімен реакциялары Альдегидтер мен кетондардың реакциясына қосымша (карбонилді қосылыстардың ІІ түрі) Гриньяр реактиві эфирлер мен галогенангидридтермен əрекеттеседі (басқа топқа алмасатын топтары бар карбонилді қосылыстардың І түрі). Күрделі эфирлер жəне хлорангидридтер Гриньяр реактивімен екі сатылы реакцияға түседі. Мысалы, күрделі эфир Гриньяр реактивімен реакцияласқанда, бірінші сатыда нуклеофилді ацилдеу жүреді. Себебі, күрделі эфирлерде альдегидтер мен кетондарға қарағанда Гриньяр реактивіне алмасатын топ бар. Ал екінші сатысында нуклеофилді қосылу реакциясы жүреді. Жалпы реакция механизмі төменде көрсетілген. Эфирлердің Гриньяр реактивімен реакциясының механизмі нуклеофилді ацилдеу өнімі нуклеофилді қосылу өнімі
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==