Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

63 Гриньяр реактиві күшті негіз, сондықтан олар реакциялық қоспадағы қышқылдармен, тіпті өте аз мөлшердегі су, спирт жəне аминдер сияқты əлсіз қышқылдармен де жылдам əрекеттеседі. Мұндай əрекеттесу нəтижесінде Гриньяр реактиві алканға өзгереді.  5-ЖАТТЫҒУ Келесі реакция өнімдерін көрсетіңіздер: а. ə. б. 12.5 КАРБОНИЛДІ ҚОСЫЛЫСТАРДЫҢ ГРИНЬЯР РЕАКТИВІМЕН РЕАКЦИЯСЫ. АЛЬДЕГИДТЕР МЕН КЕТОНДАРДЫҢ ГРИНЬЯР РЕАКТИВІМЕН РЕАКЦИЯСЫ Альдегидтер мен кетондардың Гриньяр реактивімен реакциясының механизмі төменде көрсетілгендей болады. Альдегидтер мен кетондардың Гриньяр реактивімен реакциясының механизмі • Гриньяр реактивінің карбонилді көміртегіне нуклеофилді шабуылынан магний ионымен комплекс түзетін алкоксид ион түзіледі. • алкоксид ионының протондануынан спирт түзіледі. Бұл нуклеофилді қосылу реакциясы: нуклеофил карбонилді көміртегіне қосылады. Тетраэдрлік алкоксид ионның тұрақты болатындығына Оттегімен жəне басқа электр терісті атоммен қосылған sp3көміртегі бар қосылыс тұрақсыз болады.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==