Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

62 Гриньяр реактивінде нуклеофилді көміртегі болады, себебі атоммен байланысқан көміртегінің электр терістілігі көміртегімен салыстырғанда аз болады (1кітаптың 40-бетіндегі 1,3-суретті қараңыздар). Нуклеофилді көміртегі бар Гриньяр реактиві электрофилмен əрекеттеседі. Электр терістілігі төмен атомға қосылған нуклеофилді Гриньяр көміртегін, көміртегіне қарағанда электр терістілігі жоғарғы атомға қосылған галоген алкандағы көміртегімен салыстырыңыз. Нəтижесінде галогеналканның электрофилді көміртегінің нуклеофилмен əрекеттесетінін көресіздер (9.1-бөлім). Ө М І Р Б А Я Н Фрэнсис Август Виктор Гриньяр (1871-1935) Францияда дүниеге келген. Кеме желкендерін жасаушының баласы. Ол 1902 жылы Лион университетінде философия докторы дəрежесін алады. Оның алғашқы Гриньяр реактивін синтездеуі 1900 жылы жарияланған. Келесі 5 жыл аралығында Гриньяр реактиві жайлы 200дей мақаласы жарық көрген. Ол Нанси университінде, кейін Лион университетінде химия профессоры болған. 1912 жылы бірінші дүние жүзілік соғыс жылдары химия саласы бойынша Нобель сыйлығын алған. Гриньяр француз армиясы қатарына шақырылып, сол уақыттарда ол əскери газды анықтау əдісін жасаған.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==