60 формальдегид ацетальдегид кетон Кеңістіктік фактор да альдегидтердің реакциялық қабілеттіліктерінің жоғары болуына əсер етеді. Альдегидтің карбонилді көміртегі кетонның карбонилді көміртегіне қарағанда нуклеофилдің шабуылына бейім келеді. Себебі альдегидтегі карбонилді көміртегімен байланысқан сутегі атомы, кетондағы карбонилді көміртегімен байланысқан алкилді радикалмен салыстырғанда кішірек болады. Осыған байланысты карбонилді көміртегімен байланысқан кіші алкил тобы бар кетондардың реакциялық қабілеттіліктері үлкен алкилді тобы бар кетондарға қарағанда жоғары болады. Біз альдегидтер мен кетондардың нуклеофилге реакциялық қабілеттіліктерін карбонилді қосылыстармен 11-тарауда салыстырғанбыз. Альдегидтер мен кетондардың реакциялық қабілеттіліктері хлорангидридтерге қарағанда төмен, ал күрделі эфирлер, карбон қышқылдары жəне амидтерге қарағанда жоғары болады. Карбонилді қосылыстардың салыстырмалы реакциялық қабілеттіліктері хлорангидрид>альдегид >кетон>эфир~ карбон қышқылы> амид> карбоксилат ион 4-ЖАТТЫҒУ Əр жұптағы кетондардың қайсысының реакциялық қабілеттіліктері жоғары а. гептанон-2 жəне гептанон-4 ? ə. 4-метилгексанон-3 жəне 5-метилгексанон-3 ? қабілеттілігі жоғары қабілеттілігі төмен
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==