Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

59  3-ЖАТТЫҒУ Келесі қосылыстарды екі түрлі номенклатурамен атаңыздар: а. б. ə. в. 12.2 КАРБОНИЛДІ ҚОСЫЛЫСТАРДЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ РЕАКЦИЯЛЫҚ ҚАБІЛЕТТІЛІКТЕРІ Біз құрамындағы оттегі атомының көміртегімен салыстырғандағы электр терістілігі жоғары болғандықтан қос байланыстағы электрондар үлесінің мөлшері көптігінен карбонилді топтың полюсті болатындығын көрдік (11.5-бөлім). Карбонилді көміртегіндегі жартылай оң заряд оның нуклеофилмен шабуылдануына мүмкіндік туғызады. Электронға тапшы карбонилді көміртегі аймағы электростатикалық потенциал картасында көк түспен боялған (324-бет). Альдегидтегі карбонилді көміртегіндегі жартылай оң заряд кетонмен салыстырғанда үлкен, себебі сутегі алкил тобымен салыстырғанда электрон акцепторлы (5.2-бөлім). Сондықтан альдегид кетонмен салыстырғанда нуклеофилдің шабуылына бейімдірек болады. формальдегид альдегид кетон Салыстырмалы реакцияға қабілеттілік

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==