Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

58 бастап нөмірленеді. Сақиналы кетондарда сақинадағы карбонилді көміртегі 1-орын деп нөмірленеді. Рационалдық номенклатура бойынша алдыменен карбонилді көміртегіне қосылған кіші орынбасардан бастап, содан кейін «кетон» сөзі қосып аталады. жүйелік пропанон гексанон-3 6-метилгептанон-2 жалпы ацетон рационалдық диметилкетон этилпропилкетон изогексилметилкетон жүйелік циклогексанон бутадион пентадион-2,4 жалпы ацетилацетон Кетондардың кейбіреуі ғана жалпы (тарихи) номенклатура бойынша аталады. Ең кіші кетон пропанон тривиалды номенклатура бойынша ацетон деп аталады. Ацетон зертханада еріткіш ретінде жиі қолданылады. БУТАНДИОН: ЖАҒЫМСЫЗ ИІСТІ ҚОСЫЛЫС Жаңадан шыққан тердің иісі болмайды. Біз иісті үнемі терімізде болатын бактериялармен байланыстырамыз. Бұл бактериялар тердің компоненттерін бұзатын қышқылдық орта туғызатын сүт қышқылын бөліп шығарады. Нəтижесінде түзілген қосылыс қолтық пен аяқтан шығатын жағымсыз иісті береді. Осындай қосылыстардың бірі бутандион.  1-ЖАТТЫҒУ Не себепті пропанон жəне бутандиондағы функционалдық топтарды белгілеу үшін цифр қолданылмайды  2-ЖАТТЫҒУ Берілген қосылыстарды атаңыздар: а. ə. 3-D молекула: 3-метилбутанон-2; 2.4-диметилпентанон-3 оқулық: альдегидтермен кетондардың номенклатурасы

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==