Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

57 жұмыртқада синтезделетін əйелдердің, ал тестостерон ер адамдардың жыныс гормоны. прогестерон тестестерон əйелдің жыныс гормоны ер адамның жыныс гормоны 12.1 АЛЬДЕГИДТЕР МЕН КЕТОНДАРДЫҢ НОМЕНКЛАТУРАСЫ Жүйелік номенклатура бойынша альдегидтер сəйкес алкандар атауына «аль» сөзі жалғанып аталады. Мысалы, бір көміртекті альдегид метаналь, екі көміртегі бар альдегид этаналь деп аталады. Карбонилді көміртегі шеткі жағында болады жəне І орын деп белгіленеді. жүйелік метаналь этаналь 2-бромпропаналь жалпы формальдегид ацетальдегид α-бромпропион альдегид Альдегидтердің номеклатурасы сəйкес карбон қышқылдарының атауларына ұқсас (11.1-бөлім), тек «қышқыл» сөзі «альдегид» сөзіне алмастырылады. Жалпы номенклатурада орынбасарлардың орны грек əріптерімен белгіленеді. Карбонилді көміртегі белгіленбейді, оның жанындағы келесі көміртегі α-көміртегі деп аталады. жүйелік 3-хлорбутаналь 2-метилбутаналь жалпы β-хлор май альдегиді изовалериан альдегиді Кетондардың номенклатурасы Жүйелік номенклатура бойынша кетондар сəйкес алкандар атауына «он» жалғауын жалғау арқылы аталады. Тізбек карбонилді көміртегі орналасқан жақтан

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==