52 29. а. Келесі күрделі эфирлерді нуклеофилді ацилдеу реакциясының бірінші сатысындағы реакциялық қабілеттілігінің төмендеуі бойынша (аралық тетраэдрлік интермедиат) қатарға орналастырыңыздар: А Ə Б В ə. Берілген күрделі эфирлерді нуклеофилді ацилдеу реакциясының екінші сатысындағы реакциялық қабілеттілігінің төмендеуі бойынша (аралық тетраэдрлік интермедиаттың бұзылуы) қатарға орналастырыңыздар. 30. Бірінші əдіс бойынша спирттерден жəне екінші əдіс бойынша галогеналкандардан келесі күрделі эфирлерді алудың екі жолын көрсетіңіздер: а. пропилацетат (алмұрт иісі) ə. этилбутират (ананас иісі) б. изопентил ацетаты (банан иісі) в. метил фенилэтонат (балдың иісі) 31. Берілген эфир мен карбон қышқылының қайсысының қайнау температуралары жоғары болады? 32. Егер пропионилхлоридке метиламиннің 1 эквивалентін қосса, өнімнің тек 50%-ын N- метилпропанамид құрайды. Ал егер хлорлы ацетилдің 2 эквивалентін қосса N-метилпропанамидтің шығымы 100%. Осы құбылысты түсіндіріңіздер. 33. Метилпропанаттан келесі қосылыстарды алу үшін қандай реагенттерді қосады? а. изопропил пропанаты ə. натрий пропанаты б. N-этилпропанамид в. пропан қышқылы 34. Аспартам, коммерциялық Nutrasweet өнімдерінде қолданылатын сахарозадан 160 есе тəтті дəм беруші. Егер аспартамды НСІ сулы ерітіндісінде толық гидролиздесе қандай өнім түзіледі? аспартам
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==