Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

49 Карбонилді қосылыстар екі класқа бөлінеді. Карбонилді қосылыстардың бірінші класында басқа топқа алмасатын топтар болады; карбон қышқылдары мен олардың туындылары осы класқа жатады. Карбонилді қосылыстардың ІІ түрінде басқа топқа алмасатын топтар болмайды; альдегидтер мен кетондар осы класқа жатады. Карбонилді қосылыстардың реакциялық қабілеттіліктері карбонилді топтың полюстілігіне байланысты; карбонилді көміртегі жартылай оң зарядталған, яғни нуклеофилге бейім болады. Карбонилді қосылыстардың І класс түрі реагент ацил тобындағы топтың орын алмастыратын нуклеофилді ацилдеу реакциясына түседі. Барлық І карбонилді қосылыс кластары нуклеофилмен əрекеттесіп, аралық тетраэдрлік өнім түзіп, карбонилді қосылыстан əлсіз негіз бөлінеді. Карбон қышқылдарының туындылары аралық тетраэдрлік өнімге қосылған топ реагенттен ацил тобына қосылған топпен салыстырғанда, əлсіз негіз болған жағдайда нуклеофилді ацилдеу реакциясына түседі. Ацил тобына қосылған негіз əлсіз болса, нуклеофилді ацилдеу реакциясы жеңіл жүреді. Нуклеофилді ацилдеу реакциясының салыстырмалы реакциялық қабілеттіліктері: хлорангидрид > эфирлер жəне карбон қышқылдары > амидтер > карбоксилат ионы. Гидролиз, алкоголиз жəне аминолиз су, спирт, аминдердің басқа қосылыстарға өзгеру реакциясы. Қайта этерификациялау реакциясында бір күрделі эфир екінші күрделі эфирге өзгереді. Карбон қышқылдарының спирттермен қышқыл катализаторы қатысында əрекеттесуі Фишер этерификациясы деп аталады. Гидролиз немесе алкоголиз жылдамдығын қышқыл қатысында арттыруға болады. Қышқыл карбонилді оттегін протондау арқылы аралық тетраэдрлік өнімнің түзілу жылдамдығын арттырады. Бұл карбонилді топтың электрофилділігін арттырып бөлінетін топтың негізділігі төмендеп, жеңіл бөлінеді. Амидтер инертті қосылыстар, бірақ реакциялық қоспаны қышқыл қатысында қыздырса сумен жəне спиртпен əрекеттеседі. Нитрилдер амидтерге қарағанда қиын гидролизденеді. Карбон қышқылдарының белсенділігі галогенангидридтерге ауыстырылуы арқылы арттырылады. РЕАКЦИЯЛАР ҚОРЫТЫНДЫСЫ 1. Галогенангидридтер реакциялары (11.7-бөлім).

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==