48 Нитрилдер атауы бастапқы алкандар атауына «нитрил» сөзі қосылып аталады. Нитрил тобындағы көміртегі атомындағы үш байланыс үздіксіз ұзын тізбектегі көміртегі атомдарын санауда ескерілетіндігіне назар аударыңыздар. жүйелік этан нитрил 5-метилгексан нитрил пропен нитрил жалпы ацетонитрил акрилонитрил Нитрилдер галогеналкандардың цианид ионымен SN2 реакциясынан алынады. Содан кейін нитрилдерді карбон қышқылдарына дейін гидролиздеуге болады. Енді сіздер галоген алкандарды карбон қышқылдарына қалай түрлендіруге болатындығын білесіздер. Карбон қышқылдарында галогеналкандармен салыстырғанда бір көміртегі атомының артық болатындығына назар аударыңыздар. бромды этил цианид ионы пропан нитрил пропан қышқылы Нитрилдерден алкиндердің алкандарға дейін гидрлену реакциясы жағдайында біріншілік аминдер түзіледі (5.12-бөлім). пентан нитрил пентиламин 25-ЖАТТЫҒУ Қандай галогеналкандарды көрсетілген натрий цианидімен əрекеттестіріп, алынған өнімді сумен қышқылды ортада қыздырса, төмендегі қышқылдарыдың қайсысы түзіледі? а. май қышқылы ə. 4-метилпентан қышқылы ҚОРЫТЫНДЫ Карбонилді топта көміртегі атомымен оттегі арасында қос байланыс болады; ацилді топта карбонил тобына алкил немесе арил тобына қосылған. Галогенангидридтер, күрделі эфир, амидтер карбон қышқылдарының туындылары. Себебі, олар карбон қышқылдарынан ОН тобына алмастырылған топтың табиғаты арқылы ерекшеленеді. оқулық: Карбон қышқылдары жəне олардың туындыларының жалпы терминдері
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==