Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

47 Лексан ТІГІСТЕРДІҢ ЕРУІ Дексон жəне поли диоксанон сияқты тігістері еритін синтетикалық полимерлер қазіргі уақытта хирургияда қолданылады. Олардың құрамындағы көптеген эфир топтары кіші молекулаларға дейін баяу гидролизденеді де, соңынан денеден жеңіл бөлінетін топтарға дейін ыдырайды. Осының нəтижесінде науқастарға бұрынғыдай ота жасаудан кейін жіптерді алу үшін екінші рет медициналық процедураға бару қажет болмайды. Дексон ПДС Құрылымына байланысты мұндай синтетикалық тігістер 2-3 аптадан кейін өздерінің беріктігінің 50%-ын жойып, 3-6 айда толық сіңіп кетеді. 11.15 НИТРИЛДЕР Нитрилдер құрамында функционалдық топтары бар қосылыстар. Нитрилдер карбон қышқылдарының туындыларына жатады, себебі олар басқа карбон қышқылдарының туындылары сияқты сумен реакцияға түсіп карбон қышқылдарын түзеді. Сондай-ақ, амидтермен салыстырғанда олардың реакциялық қабілеттіліктері төмен, бірақ сумен қышқыл қатысында қыздырса гидролизденеді. ацетонитрил

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==